Русский Сайттың толық нұсқасы

Техастағы қырғын: бес адам қаза тапты, оның ішінде бала бар

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2023
  • 1052

Қаруланған қаскөй Техаста үй тұрғындарына оқ атып, бес адамды, оның ішінде сегіз жасар баланы мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат bbc.com-ге сілтеме жасап.

Құрбандардың арасында екі әйел болған. Полицияның сөзінше, олар басқа балаларды денесімен жауып, қорғап қалған.

Қайғылы оқиға жұма күні кешке Хьюстоннан солтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жердегі Кливленд шағын қаласында болған.

Жергілікті шерифтің сөзінше, полиция жартылай автоматтандырылған винтовкамен қаруланған қылмысқа күдікті мексикалық азаматты іздестіріп жатыр. Ол үйдің маңында оқ атуды бастағанда мас болған тәрізді, ал тұрғындар тоқтатуын сұрағанда оларға қарсы оқ жаудыра бастаған.

Жалпы сол уақытта үйде 10 адам болған, бәрі Гондурастан. Полиция олардың атын және атыс ұйымдастырған адамға қандай қатысы бар екенін хабарламады.