Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында жас жұбайлар із-түзсіз жоғалды

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2023
  • 890

Алматы облысында жас жұбайлар жоғалып кетті. Екі айға жуық уақыт бойы жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстарына полиция мен еріктілер жұмылдырылған деп хабарлайды, KAZ.NUR.KZ. 

Әлеуметтік желіде ерлі-зайыптының суретімен іздеу жарияланды. Анықталғандай, туыстары 30 жастағы Нұрмұхамбет Шәкіров пен 24 жастағы Әлима Әлмекті 5 наурыздан бері іздеп жатыр. Екеуі Жамбыл облысындағы үйден шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.

Алматы полиция департаменті ерлі-зайыптының Алматы қаласында бұрын баспана жалдап келгенін хабарлады.

Наурыз айының басында ерлі-зайыптының арасында жанжал туындап, содан кейін 24 жастағы қыз Жамбыл ауылындағы ата-анасының үйіне оралған. Ал 5 наурызда жоғалып кеткен.

"Қыздың туыстары полицияға 27 наурызда ғана жүгінген. Бұған дейін олар қызын өз беттерімен іздеп, күйеу баласының ата-анасына жүгінген. Анықталғандай, ол да туыстарымен байланысын тоқтатқан. Болжам бойынша жоғалған әйел күйеуімен бірге. Қазір көрші облыстардың барлық полиция бөлімшелеріне қызға қатысты анықтамалар жіберілді. Іздестіру шараларына еріктілер де жұмылдырылды", - деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетейік, жігіттің жоғалғанына байланысты полицияға арыз түспеген.