Русский Сайттың толық нұсқасы

«Көрсеткім келмейді»: Димаш болашақ жары туралы сұраққа жауап берді

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2023
  • 1059

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында танымалдық және болашақ жары туралы сұрақтарға жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.

Жақында әнші өмірінде алғаш рет Арменияға барды. Ереванда жеке концерт беруге ниетті. Осыған орай, атақты қазақстандық әншіден «Sputnik Армения» тілшісі эксклюзивті сұхбат алды.

Әңгіме барысында әншіге оның бүкіл әлемге танымал болғаны жайлы сұрақ қойылған. Димаш өзіне берілген планетаның ең ғажап дауысы статусымен келіспейтінін айтты.

«Мен әртістердің тым жоғары бағалануы туралы жиі ойланамын. Барлық жаңалық порталдары олардың өмірі туралы жазады. Олардан басқа бұл планетада ешкім жоқ деп ойлап қаласың. Ал айтишниктер, спортшылар, ғылым қайраткерлері ше?! Талантты, жас ғылым қайраткерлері өте көп. Менің ойымша, олар аздап назардан тыс қалып жатыр, оларды да қолдау керек. Жалпы, мәдениет, әдебиет туралы айту керек», – деп атап өтті әнші.

Әнші жеке өміріне қатысты сұрақтарға да жауап беріп, қазір жүрегі бос екенін айтты. Айтуынша, кезіктірген жағдайда да оны көпшілікке көрсетуі екіталай.

«Жеке өмір жеке болғанын қалаймын. Себебі мен болашақта әйелімді көрсеткім келмейді. Әрине, егер ол жұрт алдында жүрген болса, әңгіме басқа. Мен, менің шығармашылығым, концерттерім туралы айтылғаны маңызды», – деп жауап берді журналистерге әнші.