Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ҚР ҰҚК академиясының курсанты суицид жасады

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2023
  • 1973

Әлеуметтік желілерде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанты өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты ҚР ҰҚК растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Академия жатақханасында 3-оқу жылы курсантының денесі табылды.

«Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру. Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Комитет өкілдері марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.