Тәжікстанның Хатлон облысына сапары кезінде Эмомали Рахмон қажыларды сынға алып, умра мен қажылықты орындауды "еліктеу және фанатизм" деп атаған, деп хабарлайды islamnews сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Соңғы кездері қажылық, оның ішінде кіші қажылық еліміздің кей аймақтарындағы тұрғындардың арасында міндетті іс-шараға, тіпті отбасылық жарысқа, туризм мен сауданың бір түріне айналған", - деді Эмомали Рахмон.
"Көрсеткіштерге сүйенсек, қажылыққа баратын, тіпті өзімен бірге сәбилер мен жасөспірімдерді де ала кететін адамдар қажылықтың рәсімі неден құралатынын, отбасыларының, балаларының, туыстарының тұрмыс-тіршілігі қандай екендігі туралы ойланбайды", – деп атап өтті ол.
"Қажылыққа барардан бұрын жерлестеріміз осы мәселелер мен қазіргі заманның ахуалы жайлы аздап ой қозғап, маңдай термен тапқан ақшасын баланың тәрбиесі мен оқуына жұмсап, өмірдегі қажеттіліктерді қанағаттандырып, жетімдерге, мүгедектерге, мұқтаждарға, кедейлерге көмектесіп қана қажылыққа бару керек екенін тағы бір мәрте атап өтемін", - деп түйіндеді Тәжікстан президенті.