Мәскеудің солтүстік-батысында 90 жастағы кейуана пәтерден өлі табылды. "Москва" басылымының мәліметінше, әйел адамды қызы пышақтап тастаған. Бұл ақпаратты қалалық прокуратура өкілдері растаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, зейнеткер 1 мамырда пәтерінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, кейуананы қызы сөзге келіспей жанжалдасып қалған сәтте пышақтап тастаған.
Күдікті ұсталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.