Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында газ өңдеу зауытынан өрт шығып, жұмысшылар зардап шекті

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2023
  • 718

Ақтөбе облысына қарасты Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытында өрт шықты.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, оқиға1 мамырда болған.

«Сағат 15:55-те 112 пультіне Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жаңажол кен орнында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Күйік шалған 4 жұмысшы Темір ауданының орталық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Зардап шеккендер тұрақты ауыр жағдайда жатыр», - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен облыстық ТЖД өкілдері оқиға орнын әуеден тексерді. Өртті жою бойынша жедел штаб құрылды.

«Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды. Оқиғаның себеп-салдары анықталады», - делінген әкімдік хабарламасында.