Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысының тұрғындары заңсыз сақталған 65 қаруды полицияға тапсырды

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2023
  • 844

Абай облысының тұрғындары полицияға 65 дана заңсыз сақталған қару тапсырды.

Абай облысында қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде өткізу акциясы 10 сәуірде басталған. Оның шеңберінде кез келген азамат ішкі істер органдарының бөлімшесіне жүгініп, заңсыз сақтап келген қару-жарағын тапсыра алады. Ол үшін ақшалай сыйақы қарастырылған.

Сәуір айының соңында полицияға облыс тұрғыны келіп, сатып алған үйінің жазғы ас бөлмесінен қаруға ұқсас затты тапқанын хабарлаған. Полицейлерге қару табылған жерді көрсетіп, өз еркімен тапсырған. Тиісті сараптамалар жасалғаннан кейін әйелге ақшалай төлем жүргізілген.

«Акция басталғаннан қазіргі уақытқа дейін жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асатын 65 бірлік тіркелмеген қару қабылданды. Түрі мен санатына қарай бір қару бірлігі үшін төлем сомасы – 10-нан 100 АЕК-ке, яғни 34 500-ден 345 000 мың теңгеге дейін», - дейді Абай облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Рифхат Тауфиков.