Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстанда бір тәулікте екі рет жер сілкінісі болды

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2023
  • 1051

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz 

Төтенше жағдайлар министрлігі SOME ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпулерін 3 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 07:32-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 495 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9 болды. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 шақырым.