Русский Сайттың толық нұсқасы

ПСЖ Мессиді Сауд Арабиясына барғаны үшін жаттығулардан шеттетті

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2023
  • 686

Францияның ПСЖ басшылығы Лионель Мессиді екі аптаға командамен жаттығудан алып тастады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі RMC Sport сайтына сілтеме жасап.

"Пари Сен-Жермен" Мессиге Сауд Арабиясына өз еркімен барғаны үшін шара қолданды. Клуб ойыншыны екі аптаға дисквалификациялау туралы шешім қабылдады. Осы кезеңдегі аргентиналық әлем чемпионы матчтардан, жаттығулардан, сондай-ақ жалақыдан айырылды.

Футболшы бас бапкер Кристоф Галтиер мен футбол кеңесшісі Луиш Кампуштың келісімінсіз Париж клубының орнынан кеткені атап өтілді.

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Сауд Арабиясына ұшып кетті. "Пари Сен-Жермен" іссапарға қарсы болды, бірақ ойыншыны тоқтата алмаған.