Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш үйлену тойын жасаған еді. Жұлдызды жұп "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында той қалай өткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Жуырда актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш Желіні шулатып, дүркіретіп той өткізді. 80-90-жылдардағы стильді тойда ұштастырған өнер иелерінің қуанышы жабық кеш форматында өтті.
"Негізі тіпті уақытымыз жоқ болып кетті. Басында тойды қашан жасаймыз деген кезде алдымын үйді аяқтап алайық, сосын жасаймыз деген ой болды. Бірақ үйді сатып, кино түсірген соң жаңа үй алайық, содан кейін той жасаймыз деп шештік", - дейді Жахан Отарғалиев.
Актер үйленгендеріне екі жыл өтсе де некесін қидырмағанын айтты.
"Мұсылмандық некемізді қидық, содан кейін ғана үйге Балжанды алып келдім. Бірақ әлі күнге дейін біз заңды түрде неке қимағанбыз. АХАЖ бөліміне баруға тіпті уақыт болмады, сондықтан осы кеште қидық", - дейді актер.
Тойдың басты құдағиы болып продюсер Баян Алагөзова төбе көрсетті. Қос жұпты құттықтап келген өнер иелері ерекше сыйлықтар табыс етті. Соның ішінде өнер иесінің досы астына ат мінгізген.
"Жылқымыздың бір төлін алып келдім, тайымызды. Құны - 30 миллион теңге. Арнайы Жахан бауырымның тойына алып келдім", - дейді актердің бала кездегі досы.
Өнер иесі жуырда сатып алған үйінің құны құпия екенін жеткізді.