Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына - 31 жыл. Айтулы датаға орай Шымкентте Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті

Салтанатты жиын сахна төріне еліміздің Мемлекеттік Туын салтанатты жағдайда алып шығумен басталды. Мемлекеттік әнұран әуелей шырқалып, көпшіліктің рухын көтеріп тастады.

Отан қорғаушылар күні – халқымызға тән батырлықтың және Отансүйгіштіктің мерекесі. Айтулы шараға шаһар әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жауынгерлерді мерекесімен құттықтады.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Еліміздің тыныштығы мен жеріміздің тұтастығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген ержүрек жауынгерлеріміздің еңбегі ерен.

Салтанатты жиында бірқатар әскери қызметкерлер Алғыс хатпен 2 дәрежелі мінсіз қызметі үшін медалімен марапаттады.

Азиза КАСҚАУОВА, 10216 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ АҒА МАМАНЫ, ЕФРЕЙТОР:

Әскери қызметте 15 жыл мінсіз қызметі үшін медаль алып отырмын қолбасшыдан. Ол үшін өзім қуаныштымын бүгін.

Бақтыбек САПАРШАЕВ, 55652 АВИАЦИЯЛЫҚ ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қуаныштымын осындай марапат алғаныма. Барша қызметкерлеріме, ..әскери қызметшілерге осындай табыстар тілеймін. Еліміз тыныш болсын.

Жиын соңы Шымкент әскери гарнизоны сарбаздары, қаладағы әскери оқу орындары курсанттары мен эстрада жұлдыздары қатысқан мерекелік концертке ұласты.