Павлодарда 9-сынып оқушысы мектепте бұрыш баллонын шашып жіберген. Үш оқушы зардап шекті, – деп хабарлайды Қазақпарат.
3 мамыр күні сағат 17:30 шамасында Павлодар қаласы полициясына мектептердің бірінде үш оқушы уланып, ауруханаға жатқызылды деген хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері 16 жастағы 9-сынып оқушысы өзімен бірге бұрыш сепкіш алып келгенін анықтады. Сабақ барысында ол сыныптастарымен бірге бұрыш сепкішті сыныпта шашыратпақ болып келіскен. Сағат 11:35 шамасында достарының бірі кабинетте бүріккіш бөтелкені шашыратып жіберген. Мұғалімдер болған оқиғаның мән-жайын білген соң кабинет желдетіліп, дымқыл ерітіндімен тазартылды.
Екінші ауысымда осы кабинетте 6-сынып оқушылары оқыған. Сабақ барысында осы сыныптың кейбір оқушылары көздің ашуы, беттің қызаруы түріндегі белгілермен өздерін нашар сезінген. Кезекші әкімшілікпен жедел жәрдем шақырылып, сынып жетекшісінің ілесуімен оқушылар ауруханаға жеткізілді.