Русский Сайттың толық нұсқасы

Әуе шабуылдарына қалай тойтарыс беріледі?

Астананың аспаны бақылауда. Әуе қорғанысы ұшқан құсқа дейін қырағылықпен қарайды. 75 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысанды жоятын зымырандары бар. Әскери бөлімнің сарбаздары технологияның тілін қалай меңгеруде? Дәрібек Бахытбек бір күнін әскери бөлімде өткізді.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Отан алдындағы борышын өтеу әрбір азаматтың - міндеті. Бүгін менде әскер қатарына қосылып, сап түзедім. Күніміз қалай өтеді? Бірге көреміз.

Әли Анарбековтың Отан алдын алдынғы борышын өтеп жүргеніне жарты жылға жуықтапты. Күнделікті жаттығуларын тиянақты жасайды. Тапсырманы мүлтіксіз орындайды. Қатарластарының алды, өзінен кейін келгендергі үлгі болып жүр. Тіпті техникалардың тілін меңгеріп алған.

Әли АНАРБЕКОВ, ҚАТАРДАҒЫ САРБАЗ:

Дизель электра станция МАЗ5224 шаңағында құрастырылады. Ол үш бөлікке бөлінеді. 2 дизель қозғалтқышы болады және бір операторлық бөлік болады. Дизель электра қозғалтшықышын 30 ат күші болады. Мың жарым айналым кезінде генератор арқылы 100 кв ток бөлінеді. Осы жерде жүріп техникамен жұмыс жасауды, тәртіпті әскери үйрендік.

Әуе қорғанысы күштерінің басты міндеті – елорданың әуе кеңістігін қорғау. S-300 зениттік-зымырандық кешені арқылы әуе шабуылына тойтарыс береді. 75 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысанды жоя алады.

Байдәулет ТӨРЕХАНОВ, ДИВИЗИЯ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Радиолокациялық станция ортада орналасқан. Соған пускавой установкалар байланып тұрады. Ракеталардың бәрі пускавой установкаларда орналасқан. Радиолокациялық станция арқылы біз ауадағы нысанды көреміз және сол арқылы ракетамен басқарып, ракетамен нысанды жоямыз.

Әуе қорғанысы тек ұшқыштардан тұрмайды. Қорғануға, шабуылдауға арналған техниканы басқаратын білікті мамандардан жасақталады. Яғни, үлкен команда.