«Жол-көлік оқиғасына жол жоқ». Ақтөбеде «QazaqGaz» ұлттық компаниясы жол-көлік оқиғаларынан сақтануға арналған ауқымды іс-шара өткізді. Көпшілік қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Оның қаншалықты маңызды екеніне мән бермейді. Сондықтан мамандар бүгін сақтық шараларын тәжірибе арқылы көрсетті.
Соңғы төрт айда Ақтөбе облысында 120 жол-көлік оқиғасы болып, 26 адам қаза тапқан. Көп жағдайда жүргізушілер жылдамдықты арттырып, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Асылхан БЕКБОСЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖПҚБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Бұл дейтін қиын жағдай өкінішке орай болып тұр. Және де қарсы бағытқа шығу осы белдік тақпау сегіз жол көлік оқиғасы болып бес адам қаза болып, 13 адам дене жарақатын алып тұр.
«QazaqGaz» ұйымдастырған шарада жолдағы сақтық шараларына қатысты дәріс оқылып, арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді. Жол апаты кезіңде соққының қандай болатынын қызметкерлер арнайы жаттығу құрылғы арқылы сезініп көрді. Қауіпсіздік белдігін тағу арқылы қандай қатерден қорғануға болатыны да айқын көрсетілді.
Ерлан БОРАНБАЕВ, «ҚАЗТРАНСГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС АҚТӨБЕ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:
Бұл іс-шараның басты мақсаты - адам өз өмірінде жұмыста,сондай-ақ жұмыстан бөлек уақытта автокөлікпен қозғалу арқылы қауіпсіздік белдігін тағып және өз өмірін сақтап қалу қаншалықты маңызды екенін көрсету.
Елімізде күніне орта есеппен бес-алты адам жол апатынан көз жұмады. Сондықтан әр адамның қауіпсіздігі ерекше маңызды.