АҚШ-та Альцгеймерге қарсы жаңа дәрі сынақтан өтіп жатыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Ол осы аурудың асқынуын 35 пайызға бәсеңдеткен. Зерттеушілердің айтуынша, бұл – үлкен жетістік. Препаратты сынауға жүздеген қарт адам қатысты.
Айта кетсек, қазір Құрама Штаттар аумағында Альцгеймерге шалдыққан 6 миллионнан астам адам бар. Болжамдарға қарағанда, олардың саны 2050 жылға дейін 13 миллионға жетуі мүмкін.