Республикалық "Qaisar" әскери-патриоттық ойыны өз мәресіне жетті. Сайыста әр облыстан келген 120 жас бақ сынады. Оның ішінен оз шапқан Түркістан облысы 1 орынға ие болды. 2 орын Қарағанды облысына бұйырса, 3 орын тұғырынан Алматы облысы көрінді. Жеңіске жеткен жеткіншектер қаржылай жүлдемен марапатталды.
Стас ГРЕЧЕВ, ЖЕҢІМПАЗ:
Көңіл-күй өте тамаша. Жарыс жақсы өтті. Жоғары деңгейде өтті. Бізге ұнады. Жарыс өте қызық болды. Адал болды. Жақсы ұнады бізге.
Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Өте тартысты жарыс болды. Шынымен де жыл сайын жеңімпаздар алмасып жатыр. Яғни бұл ненің көрінісі? Бұл әр түрлі аймақтан келген командалар әрбір аймақта өзінің бір ерекшелігі бар. Білектің күшімен дейді. Найзаның ұшымен дейді. Әр біреуінің өзінің жанағы алып басып түсетін бағыттары бар. Сондықтан биыл міне Түркістандықтар. Былтыр Маңғыстау өңірі жеңіске жеткен болатын. Келесі жылғы "Qaisar" ойындарына осы азаматтардың соныңнан ерген толқынды інілері келіп қатысады деген үміттеміз.