Аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов (26-2) белді промоушен One Fighting Championship Брумфилде (АҚШ, Коловадо штаты) өткізген турнирде жеңіске жетті.
Қ.Ахметов «Найза» лақап аты бар австралиялық файтер Рис Макларенмен (16-8) кездесті.
Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа есептелді. Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық спортшыға берді.
Осылайша, Қайрат Ахметов кәсіби рингте 27-інші жеңісіне қол жеткізді. Ал Рис Макларен кәсіби ММА-да тоғызыншы рет жығылды.
Қазақстандық файтер One FC лигасында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол кезден бері 9 айқас өткізді (сегіз – жеңіс, бір – жеңіліс).