Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2023
  • 1089

Семейде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды. Наурыз айының ортасында жедел іс-шараларды өткізу барысында Семей қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен Семей қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады.

Жеке тінту жүргізу барысында қапшықтан қара қоңыр түсті сұйық заты бар шприц табылып, тәркіленді. Химиялық-токсикологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, медициналық шприцте алынған сұйықтық есірткі – экстракциялық апиынның ерітіндісі екендігі анықталды. 8 мл сұйықтықтағы экстракциялық апиынның құрғақ қалдығының салмағы – 0,0768 грамм.

Күдікті кінәсін мойындады. Сондай-ақ шприцті өзіне пайдалану үшін алғанын айтты. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.