6 мамырда Жалғас Жұмағұлов UFC 288 турнирінде америкалық Нэйт Мэнноспен жекпе-жек өткізуі керек болатын. Алайда ол жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпады, оның орнын бразилиялық файтер Рафаэл Эстевам басқан. Ол да салмақ өлшеміне байланысты жарысқа жіберілмеді.
«Әрине, ұнамсыз жағдай, ең ұзақ дайындық кезеңім, ең жақсы дайындықтағы сәтім. Жалпы, өзімнің қалай өзгергенімді көрсетсем дегенмін. Жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтайтындығыма сенімді болғанмын. Әрине, өкінішті... Осынша дайындалғанда. Бірақ әр нәрсенің арғы жағында жақсы нәрсе барын біліп, көре алу керек. Енді күтетін боламын. Таяуда келесі жекпе-жектің уақыты белгіленуі керек. Осында қалып, дайындалатын боламын», - деді Жалғас Жұмағұлов Sports.kz-ға берген сұхбатында.
Сондай-ақ ол дайындыққа кеткен шығынды UFC өтейтін-өтемейтіндігіне қатысты сұраққа да жауап берді.
«Не деуге болады? UFC-ге келетін болсақ, шығынды өтейді деп ойлаймын. Қалай дегенмен де келісімшартта көрсетілген шарттарды өз басым орындадым, турнирге келдім, менен жазық жоқ қой. Гонорардың жартысын төлеуі керек деп ойлаймын», — деді ол.