Русский Сайттың толық нұсқасы

Өзбекстанда жеңіліп қалған беткеұстар боксшы IBA президентінен араша сұрады

  • AstanaTV
  • 07 мамыр 2023
  • 940

Өзбекстанда бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов жеңіліп, жарыстан жарты жолдан шығып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның Бокс федерациясы даулы жекпе-жектің ақ-қарасын ажырату үшін IBA президентіне шағымданды.

«Халықаралық бокс федерациясының (IBA) президенті Умар Кремлевтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіндегі төрешілердің даулы шешіміне қатысты ресми шағым жолданды. Қазір IBA басшылығынан жауап күтіп отырмыз», – деп хабарлады федерациядан.