Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхиты аймағы бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдері Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ұтты.
Жасөспірімдер командасы D тобында бастапқы кездесуінде Жаңа Зеландия құрамасымен шеберлік байқасты.
Алдымен Заңғар Нұрланұлы 58 минутта Фин Уилманды тізе бүктірді – 6:0, 6:1.
Әмір Омарханов та қалыспай, Кай Милборнды 6:1, 6:2 есебімен ұтты. Содан кейін Әмір Дамир Жалғасбаймен бірге жұптық сында қарсыластарын қапы қалдырды – 6:3, 6:2.
Ертең, 9 мамыр күні қазақстандықтар Өзбекстан командасымен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионаты іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдерінің қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді.
11 жасар қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Елена Рыбакинаның Рим мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды.