Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында қарт майдангерге жаңа автокөліктің кілті табыс етілді

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2023
  • 698

Қызылорда облысында қарт майдангер Сәрсенбек Байжановқа жаңа көліктің кілті табыс етілді.

Шиелі ауданында тұратын майдангердің шаңырағына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барып, Сыр жұртшылығы атынан автокөлік кілтін табыстады.

Ғасыр куәгері С.Байжанов 1923 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Соғыс жылдары Сталинградтың солтүстік батысындағы Магеллан қаласындағы шайқасқа қатысқан. Сол жолы көзінен, қолынан, аяғынан жарақат алып, бір жылдай госпитальда емделген. Екінші топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралады.

«Қызыл жұлдыз», «Германияны жеңгені үшін» ордендерімен және Ұлы Отан соғысының мерекелік медальдарымен марапатталған. Жұбайы Жәмила Сейітжанқызымен бірге 5 ұл, 6 қыз, 40 немере, 65 шөбере және 3 шөпшек тәрбиелеп өсірген.

Айта кетейік, бүгінде облыста 6 Ұлы Отан соғысының ардагері бар.