Русский Сайттың толық нұсқасы

Полиция Қазалыдағы мектеп оқушыларының "жаппай төбелесіне" қатысты түсінік берді

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2023
  • 1545

Әлеуметтік желілерде Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы мектеп оқушыларының "жаппай төбелескен" сәтінің видеосы тарап жатыр. Полиция бұған қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоны EGOV.PRESS Telegram-каналы жүктеген.

Полиция видеодағы баланың Қазалы ауданы тұрғыны екенін анықтаған.

Ол әлеуметтік желіге жарияланған видеоны бір жыл бұрын интернеттен көшіріп алған және соларды қиып, монтаждап, жариялаған.

Сонымен қатар видеодадағы оқиғаның Қазалы ауданында болмағанын және өзі топтық төбелестерге қатыспағанын айтқан. Видео Instagram-нан 1 жыл бұрын өшірілгені анықталды.

Полиция жасөспірімнің анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізген.