Русский Сайттың толық нұсқасы

Димаш Құдайберген түріктің ұлттық музыкалық аспабын сыйға алды

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2023
  • 1296

2023 жылғы қыркүйекте Алматыда тұсауы кесілген Димаштың Stranger жеке концертінің бағдарламасы әлем бойынша саяхатын бастады. Әнші Түркияда алғаш рет ауқымды шоуын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz

Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келді.

Әр елдегі жеке концерттерінде Димаш бағдарламаға қабылдаушы елдің тілінде шығармаларды енгізуге тырысады. Түрік жанкүйерлері үшін түріктің әйгілі "Gesi Baglar" әнін орындады. Қонақжай жүргізушілер Димашқа түрік ұлттық аспабы багламаны сыйға тартты. Димаш жылы қарсы алғаны үшін түрік жеріне алғысын білдіріп, қазақ пен түрік мәдениетінің ортақ екенін айтты.

Концерттің хабарландыруында қазақстандық әртістің арнайы қонақ-түрік музыканты Бурак Йетермен дуэті түрінде тосын сый жарияланды.

Димаш пен Бурак бірлескен жұмыстың нәтижесін, Weekend композициясын ұсынды.