Русский Сайттың толық нұсқасы

"Неге жылап отырмын?" Желіде жарыс алаңында сіңлісіне қолдау көрсеткен қыздың видеосы тарады

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2023
  • 1028

Әлеуметтік желіде жарыс алаңына шығайын деп жатқан сіңлісіне қолдау көрсеткен кішкентай қыздың видеосы тарады. Видео TikTok қолданушыларын сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Кадрлардан кішкентай қыздың сіңлісіне барын салып, әдістерді үйретіп жатқаны көрінеді.

"Әпкенің қолдауы", - деп жазылған видеода.

Кейін ол жеңіске жеткенде әпкесі қатты қуанады. Желі қолданушылары жылы көрініске жағымды лебіздер жазған.

"Болашақ чемпиондар", "Неге жылап отырмын", "Биіктен көріне беріңдер", "Жарайсың, сіңлісін қолдап жатыр", - дейді пікір жазғандар.