Русский Сайттың толық нұсқасы

"Атам тірі болғанда": Жиеніне сыйлық берген бойжеткеннің әрекеті жұртты тебірентті

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2023
  • 1006

Желіге @qasymbekova_gulzira лақап атымен танымал қолданушы енді қоныс аударған апа-жездесінің үйіне, әкесінің уәдесін орындауға келгенін айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеода ол жиенінен "атаңды сағындың ба?" деп сұрайды. Кішкентай қыз сағынғанын, құран бағыштағысы келетінін айтады. Қолданушы "атаңның саған ұялы телефон алып берем дегенің білесің бе?" деп, сыйлығын ұсынады. Эмоцияға ерік берген кішкентай қыз қолданушыларды бір жылатып алды.

Өзге қолданушылар "Эмоциям көп, не жазарымды білмей отырмын", "Мен неге қуанып, жылап отырмын" сынды пікірлер қалдырған.