Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылдағы жарылыстан жапа шеккен 3 жұмысшының тағы біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2016
  • 3583

Жамбылдағы Меркі мұнай базасындағы жарылыстан жапа шеккен тағы бір жұмысшы қайтыс болды. Денесі қатты күйіп, жансақтау бөліміне жатқызылған 48 жастағы дәнекерлеуші ауыр жарақатты көтере алмаған. Бұған дейін  серіктесіктің бас инженері қайтыс болған еді. Олардың денесін 100 пайыз күйік шалған.

Толқын Өмірбаева, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз бөлімінің басшысы:

Бүгін кешкі сағат 18.40-та күйіктен зардап шеккен екінші азамат қайтыс болды. Ол азамат 1968 жылғы Тараз қаласының тұрғыны, сол мекеменің дәнекерлеушісі болып жұмыс істейтін.  Өз-өзіне келмеген күйінде,  тыныс алу аппаратына таңылған күйінде кетті. Ал үшінші науқас дәрігерлердің қатаң бақылауында. Жағдайы аса ауыр хәлде. Дәрігерлер қолдан келген барлық жағдайды жасауда.

Еске салайық, оқыс оқиға өткен бейсенбіде жанармай құю кезінде болған. Қас қарайған уақытта Меркідегі Мұнай базасы отқа оранып, үш адам 90-100 пайыздық күйікпен ауруханаға жеткізілген еді. 

Данияр  ӘЛІМҚҰЛ