Русский Сайттың толық нұсқасы

Ерлан Қарин елордадағы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2023
  • 1214

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Астана қаласындағы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ азаматтық қоғам және белсенді жастар өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар соғыста жеңіс үшін күрескен жауынгерлердің ерен ерлігін бір минуттық үнсіздікпен еске алып, қазақстандық майдангерлерге құрмет көрсетті.