Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәжікстанда жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2023
  • 669

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 9 мамыр күнгі 07 сағат 47 минутта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 680 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11.0. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 120 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.