Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада мұнаралы кран құлап, бір адам ауруханаға жеткізілді

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2023
  • 932

Оқиға 9 мамырды Есіл ауданындағы 38 көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, кран салынып жатқан екі үйдің арасында құлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Мұнаралы кранды бұзу кезінде конструкция автокранның үстіне құлап кетті. Салдарынан "Андрюшкин" жеке кәсіпкерлігінің 1999 жылы туған кран жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа деңгейде", – делінген хабарламада.

Комитет мәлім еткендей, кранды бұзу кезінде секцияаралық саусақтар, кран мұнарасы секциясы мен кранның бас шылбырын бекітуші болмаған. Нәтижесінде кранның бағыттаушысы автокранға құлап кеткен.