Русский Сайттың толық нұсқасы

"Тағы да ұлды болдым": Абай Бегей көпшіліктен сүйінші сұрады

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2023
  • 1536

Отандық әнші Абай Бегей көпшілікке сүйінші жаңалығын бөлісті. Әнші Instagram желісінде тыңдармандарына тағы да ұлды болғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші әлеуметтік желіге жаңа туған нәрестенің суретін жариялады.

"Аллаға сансыз шүкір! Тағы да ұлды болдым. Сіздерге де жұғысты болсын. Қазағымның әр бір шаңырағынан сәби үні кетпесін. Ибраһим Абайұлы", - деп жазды Абай Бегей. 

Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды. "Бауы берік болсын", "Үлкен азамат болсын", "Құттықтаймыз", - деді желідегілер.