Русский Сайттың толық нұсқасы

Денсаулық сақтау жүйесін реформалау талқыланды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2016
  • 3541

Қазақстан денсаулық сақтау саласы он жыл артта қалып келеді. "Бүгінде елімізде өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асқан. Алайда бұл біз талпынып жатқан мемлекеттердің деңгейінен әлдеқайда төмен", -  деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Соңғы жылдары медицина саласында қаржыландыру көбейген. Мәселен, бес жыл бұрын адам басына 468 теңгеден төленсе, қазір бұл көрсеткіш мың теңгеден асып кеткен. Халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 15,3 пайызға, ана мен сәби өлімі 1,8 есеге азайған. Алайда, қаражаттың тең жартысы аурудың алдын алу емес, салдарымен күресуге бөлінеді, - дейді министр.

Жаңа бағдарламадағы бірінші мәселе - сау адамдардың сырқаттануына жол бермей, профилактика мен ескертулер жасап тұру. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап медициналық сақтандыру міндетті болып табылады. Бұл дегеніміз, әр адамның денсаулығына мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер жауапты болады, - дейді Тамара Дүйсенова. Ал шетелден келетін және елімізде шығарылатын дәрі-дәрмектердің бәрі халықаралық стандарттарға сай болуы шарт.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Біз медициналық даму жағынан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне жете алдық па? Әрине, жоқ. Өмір сүру көрсеткіші жағынан біз аталған елдерден он жылға қалып келе жатырмыз. Ана мен сәби өлімі бойынша да көрсеткіштеріміз біз ұмтылып жатқан мемлекеттердікіндей емес. Тағы бір мәселе - бүгінде Қазақстанда жұқпалы емес ауруға шалдыққандардың саны артып келеді. Бұған тез арада шара қолдану керек. 

С.ОМАШ