Өзбекстандық Sports.uz сайты қазақстандық Сәкен Бибосынов пен үндістандық Дипак Кумар арасындағы ӘЧ-де өткен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Боксшылар 51 келідегі 1/16 финалдық айқаста кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Дипакқа берді. Бұған қатысты Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға шағым түсірді, алайда өзгеріс болған жоқ.
"Теңдей айқас, бірақ Дипак жеңіске жетті, құттықтаймыз!" - деп жазыпты басылым.