Қостанайда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Күдіктінің қылмыстық әрекетін Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Полиция Департаменті ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп әшкерелеген.
Қазір осы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.