Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2023
  • 887

Қостанайда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Күдіктінің қылмыстық әрекетін Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Полиция Департаменті ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп әшкерелеген.

Қазір осы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.