Русский Сайттың толық нұсқасы

Таиландта туристер үшін жаңа салық енгізілмек

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2023
  • 725

Таиланд билігі "кету салығын" енгізу ұсынысын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Мұндай салықтың мөлшері туристің Тай елінен қандай көлік түрімен кететініне байланысты екен. Мысалы, әуежолаушы 1 000 бат (13 168 теңге) төлейді, ал жермен не сумен қайтатындар үшін алым мөлшері аз болады.

Жаңа салық шетелдік туристер мен тай жұртына да қатысты енгізіледі.

Турбизнес саласының өкілдері мұндай жаңа салық туралы заңға қарсы шығып, оның негізсіз екенін атаған.