Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдегі өрттен бізге қауіп бар ма?

Ресейдің Орал тауларын шарпыған өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті. Тілсіз жаудан ең қатты зардап шеккен -Свердловск, Түмен және Қорған облыстары. Жүздеген үй өртенген. Өртке қатысы бар деген күдікпен 46 адам анықталып, соның 7-уіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Арасында кәмелетке толмағандар да бар.

Ресей Федерациясының Қорған облысы оңтүстік-шығыста және шығыста – Солтүстік Қазақстан облысымен, ал оңтүстікте – Қостанаймен шектеседі. Алапат өрт ел шекарасынан асуы мүмкін деген қауіп бар. Жауапты министрлік "тілсіз жауды" ауыздықтауға барлық құрылым сақадай-сай дейді.

Тлеуберді МӘДИЕВ, ТЖМ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Түмен, Омбы және Қорған облысымен шектелетін бізде Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысындағы күш пен құралдар күшейтілген режимге көшірілген. Сонымен қатар жағдай ушығатын болса, бізде қосымша Астана қаласынан, Қарағанды қаласынан, сонымен қатар Ақмола облысынан қосымша күштер мен құралдар дайындыққа енгізілген, қалыптастырылған қазіргі таңда.