Елордада Жеңіс күніне арналған "Отанға қызмет – ұлы құрмет" атты мерекелік концерт өтті. Соғыс жылдарындағы әндер шырқалды, майдангерлердің ерліктері ұлықталды.
Жеңіс күніне орайластырылған "Отанға қызмет — ұлы құрмет" концертін тамашалауға келгендердің қарасы қалың болды. Бейбіт күнді сыйлаған батырларды еске алып, ұмытылмас ерліктерін дәріптеді.
Концертке келгендердің көбі немерелерін ала келген. Өйткені сұрапыл соғыстың зардабын, жеңістің қандай қиындықпен келгенін біліп жүрсе дейді. Соғыс жылдарындағы әндер ешкімді бей-жай қалдырмады. Көздеріне жас алып, ерекше тебіреністе болды.
БЛИЦ:
- 9 мамыр біздің мәңгілік есімізде қалады.
- Фашистік басқыншыларды жеңген осы керемет күнді еске алу ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
- Ардагерлеріміз біздің батырларымыз. Егер олар болмаса, біз қазір осылай бақытты өмір сүрмейтін едік.
- Менің атам соғысқа қатысқан. Біз үшін бұл керемет әрі қайғылы мереке. Біздің ата-бабамыз бізді күн сайын қуанту үшін өз өмірін берді.
Шарада елімізге белгілі музыкалық ансамблдер мен би театрының өкілдері, эстарада жұлдыздар өнер көрсетті. Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы Нұран Қамзин Жеңіс күнімен құттықтады.
Нұран ҚАМЗИН, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Концерт бірінші кезекте соғыс және тыл ардагерлеріне арналған. Оларға құрмет көрсету керек. Майдангерлердің ерліктерінің арқасында біз қазір бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз, оларды естен шығармай, ерліктерін насихаттауымыз керек.
Бүгінде елімізде 222 соғыс ардагері бар. Шара ұйымдастырушылар олардың ерлігін насихаттауды жыл бойы жалғастыра бермек.