Түркістан облысында "AMANAT" партиясы филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылысы жүріп жатқан білім беру мекемелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Республикалық Партиялық бақылау департаментінің инспекторы Есілбаева бастаған топ әуелі Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округіне қарасты Бағыс елдімекенінде салынып жатқан Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептің құрылысымен танысты. Ауыл балалары қазір ыңғайластырылған нысанда білім алып жатыр. Ғимарат талапқа сай келмейтіндіктен әрі халық саны өсуіне байланысты тұрғындар партиядан жаңа мектеп салып беруді сұраған. “AMANAT”партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жол картасына енгізілілген 300 орындық мектептің құрылысы 2021 жылы басталды. Биыл пайдалануға беріледі.
Ғабидулла ҚҰСАЙЫНОВ, БАҒЫС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Партиядан келіп, депутаттар келіп осының ертерек бітуіне әрекет жасап қадағалап осыны сапалы салынуына әрекет жасап жатқан оларға да рахмет. Жалпы ел қуаныштымыз. Бала-шағамыздың өсіп-өнуіне, көркеюіне осы мектептің ықпалы өте үлкен, көп бізге.
Уәлихан РАХИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
Қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар барлығы да жұмыс кестесіне сай жүргізіліп жатыр екен. Одан кейін жұмысшылардың саны, одан кейін құрылыс материалдарының сапасы ауыл тұрғындарының да, одан кейін біздің де көңілімізден шықты.
Партияның бақылауындағы тағы бір нысан- Қазығұрт ауданы Майлыошақ елдімекенінде салынып жатқан мектеп құрылысы. Әзірге мыңға жуық бала ескі ғимаратта білім алуда. 300 орындық білім нысанының құрылысы 2021 жылдың желтоқсанында басталған. Межеленген мерзім-биыл желтоқсанның соңы.