Елордалық дәрігерлер Қызылжарда ашық есік күнін өткізді. Ана мен бала ғылыми орталығының білікті мамандары екі күн бойы қала тұрғындарын қабылдап, сырқаттан айығудың жолын көрсетті. Урология, онкология, жақ бет хирургиясы бағытында кеңес берді. Акцияның алғашқы күнінде медициналық орталыққа жүзден астам бала келді.
Данияр ТҮЙЕБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мен қарындасымды алып келдім. Уролог дәрігерден кеңес алдық. Жалпы бізге жоғары білікті мамандар жетіспейді. Сондықтан осындай ашық есік күндерінің өткізілуі іздегенге сұраған болды.
Салтанат ЖЕНАЛАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бұл жерде бүкіл депутаттар бар. Жақын арада бұл жерде рентген қондырғысын қондырамыз. Узи аппараттарымыз бар. Офтальмология бар. Лоркомбайн бар. Енді осы жерге халыққа қажет мамандардың барлығы осы жерде отырады.