Русский Сайттың толық нұсқасы

Туннель арқылы тонау: Астанада күдіктілер ұсталды

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2023
  • 895
сурет:instagram.com/step_notsleep

Астанада полицейлер Степногорск қаласында туннель арқылы зергерлік бұйымдар дүкенін тонады деген күдікке ілінген екі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"1 мамырда Степногорск қаласында белгісіз біреулер жертөлені ойып, дүкенге кіріп, жалпы құны 180 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Елордада екі күдікті ұсталды: олар -1977 және 1988 жылы туған елорда тұрғындары. Күдіктілерден заттай айғақтар, телефондар, құралдар мен көлік тәркіленді", - деді полиция.

Тергеу жалғасып жатыр, күдіктілер қамауға алынды.