Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда ірі көлемде металл ұрлаған кәсіпорын басшыларына сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2023
  • 1192

Павлодарда ірі көлемде металл ұрлаған тұрғындарға сот үкімі шықты. Қылмыстық істі қалалық №2 соты қарады, деп хабарлайды Астана телеарнасы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдың тамыз айында қаладағы ЖШС-нің бірінің 33 жастағы учаске бастығы және сол кәсіпорынның 38 жастағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау техникасының бастығы пайдалануға жарамсыз және бөлшектелген 12 электр қозғалтқыш пен роторды ұрлаған.

«Қолды болған маталдың жалпы құны 7,4 миллион теңгеден асады. Қара металл сынықтарының жалпы салмағы 79 145 келі. Бөлшектелген бөліктер ЖЭО-3 ашық алаңынан алынған.Олардың кәсіпорыннан кедергісіз шығуын «Күзет» ЖШС ҚФ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ қызметкерлері қамтамасыз еткені тергеу барысында белгілі болды. Сонымен қатар кінәлілер матал сынықтарын бірнеше күн бойы серіктестік аумағынан шығарып келген», - делінген хабарламада.

Сотта учаске бастығы кінәні ішінара, тек төрт эпизод бойынша мойындады. Ол өз ісіне өкінетінін әрі асырауында жас балалары барын ескере отырып, өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Оның айтуынша, ол ұрланған сынықтардың салмағы оларға жүктелгеннен әлдеқайда аз болған.

Істің екінші қатысушысы ұрлықтың тек бір ғана фактісін мойындады.

«Екі адам да аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.