Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,12 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 444, 22 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,75 теңге.
Ұлттық банктің 11 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 16 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 443,5 теңге, сатып алу – 446,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 440,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 444,5 теңге.
Ресей рублі 5,65 – 5,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.