Русский Сайттың толық нұсқасы

Миланның орталығында жарылыс болды

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2023
  • 945

Италияның Милан қаласының орталығында жарылыс болды.

Италиялық Sky Tg24 телеарнасының мәлімдеуінше, өрт тоқтап тұрған бірнеше көлікті шарпыған.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды.

Эвакуация жақын жерде орналасқан мектепте де жүргізілді.

Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.