Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 1 маусымда жаңа оқушылар сарайы пайдалануға беріледі

Шымкентте 1 маусымда жаңа оқушылар сарайы пайдалануға беріледі. «AMANAT» партиясының қалалық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Нұрсәт» ықшамауданындағы заманауи үлгіде салынған нысанға барды. Оқушылар сарайының құрылысы екі жыл бұрын басталған. Қазір тиісті жұмыстың 99% орындалған. Ғимарат 500 оқушыға лайықталған. 3 қабатты, 3 блоктан тұрады. Мұнда 2000 бала сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерге тегін қатыса алады. Ғылыми-техникалық, спорттық сауықтыру бағыттарымен қоса ән-би, қолөнер сынды 32 түрлі секция жұмыс істейді. Сондай-ақ, бассейндер бар.

Сиявуш ҚАЛДЫБАЕВ, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мына жерде көпбалалы аналар тұрады, өздеріңіз білесіздер, аз қамтылған отбасылар тұрады, соларға ұйымдастырылып осы жерден орталықтан ашылған бұл. Орналасқан жері орталықта. Балаларды жан-жақтан өздері ата-аналар алып келеді. Бір сағат қатысады, бір сағаттан кейін алып қайтуына болады.

Ғани ТАШҚАРАЕВ "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі халықпен кездескенде айтқан еді, біраз тапсырмалар берілген. Осы Шымкент қаласында демография көбеюіне осы бізде оқушылар сарайларын соғуға міндеттелді. Сол біраз оқушылар сарайы соғылып отыр. Біріншісі, қазір бітіп отыр 2025 жылға дейін. Екіншісі мынау Тұран ауданында тағы да қазір соғу басталып отыр.