Русский Сайттың толық нұсқасы

"Mercedes" зауытында атыс болып, екі адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2023
  • 687

Германияның Зиндельфинген қаласындағы Мерседес зауытында атыс болып, екі адам қаза тапты. Тәртіп сақшылары күдіктіні сол жерде құрықтады. Әзірге оның неліктен мұндай қылмысқа барғаны белгісіз. Айта кетейік, Mercedes зауытында 35 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Теффен ГРАБЕНШТЕЙН, ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Полиция операциясы аяқталып қалды. Криминалистер ғимаратта жұмыс істеп жатыр. Енді біз тергеуді бастаймыз. Бұл жерде не болғанын анықтау керек. Қылмыскердің ойы қандай болғаны белгісіз. Оқиға түсініксіз.