Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелге заңсыз шығарылған 760 млрд теңге қайтарылды

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2023
  • 1038

Бүгін активтерді қайтару жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов атқарылған жұмыс бойынша есеп берді.

Тұтастай алғанда бүгінгі таңда мемлекетке ортақ күш-жігермен 760 млрд теңгеден астам сомаға активтер қайтарылды. Оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 млн доллар бар, - деді ол.

Оның айтуынша, Жоғарғы Сот бұрын негізсіз олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған шешімдерді де кері қайтарды.

Бас Прокурордың 24 наразылығын қанағаттандырды. Мысалы Алматы ауыр машина жасау зауытының 31% акциясын жекешелендіруді заңсыз деп тану туралы сот шешімі қабылданды. Басқа жағдайда Жоғарғы Соттың қаулысы астаналық «Думан» қонақ үй кешенінің иелерінен 1,3 млрд теңге өндіріп алуға мүмкіндік берді, - деді Бас прокурор.

Бұдан басқа, соттар заңсыз сатылған мемлекеттік мүлікті қайтару жөніндегі ондаған талаптарды қанағаттандырған.

Олардың ішінде өндірістік нысандар, базарлар, коммерциялық үй-жайлар, элиталық учаскелер және т.б. бар.

Сот шешімі бойынша АМӨЗ меншігіне Атырау қаласындағы Сұйытылған мұнай газды сақтау паркінің 50% үлесі қайтарылды, - деді Берік Асылов.