Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлімханұлы 26 нокауты бар канадалықпен айқас алдында көз арбасты

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2023
  • 847

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) және канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты, - деп хабарлайды Massaget.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшылар соңғы ресми баспасөз мәслихатында кездесті. Енді, 14 мамырда Қазақстан уақытымен таңертең боксшылар Калифорниядағы Сктоктон қаласында жекпе-жекке шығады. 

Еске салайық, бұл кездесу 12 раундқа есептелген. Қазақстандық чемпион титулын екінші рет қорғайды.