Швейцариядағы Граубюнден ауылының тұрғындары шұғыл көшіріледі. Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
Таулы өңірде орналасқан осы елдімекенге таудан тас құлауы мүмкін. Мұнда 100 шақты адам тұрады.
Құтқарушылардың хабарлауынша, тау жыныстарының қозғалысы кейінгі кезде үдей түскен.
Болжам бойынша алдағы 2-3 аптада тау көшіп, 2 млн текше метрдей жер жылыстауы мүмкін.
Мамандар бұл климаттың өзгеруінің салдары дейді.